Шлюз интернетке қосылмайды. Не істеу керек?

Егер шлюз интернетке қосылмаса, басты ажыратқышта шлюзды сөндіріңіз, сонан соң оны қайтадан қосыңыз және интернетке қосылған Wi-Fi бағдарлауышы қайта іске қосыңыз. Егер бұдан соң проблема сақталса немесе егер Сіз өзіңіздің бағдарлауышыңызды қолмен баптасаңыз, бәлкім, бағдарлауыштың баптауы шлюзға қосылуды бұғаттайды. Бұл жағдайда бағдарлауышты пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа жүгініңіз және нұсқаулықтарды орындаңыз. 1-қадам. Интернет-браузерде компьютерде келесі түрде жергілікті мекенжайды енгізіңіз: http://192.168.x.x (мысалы, http://192.168.1.1). Ол бағдарлауышты пайдалану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген.
2-қадам. Кейде пайдаланушының аты-жөнін және құпиясөзді енгізу қажет. Көптеген бағдарлауыштар үшін бұл аdmin және admin. Олай болмаған жағдайда бағдарлауышты пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа жүгініңіз.
3-қадам. Бұдан соң бағдарлауыш Баптауларының интерфейсіне қолжетімділік аласыз.
4-қадам. Егер Сіз ата-аналық бақылауды пайдалансаңыз, шлюзды қосуға рұқсат етілгеніне көз жеткізіңіз. Бұл үшін шлюздың МАС-мекенжайының («Шлюздың МАС-мекенжайын қайдан табуға болады?» тармағын қараңыз) рұқсат етілген құрылғылардың тізімінде бар екеніне көз жеткізіңіз.
5-қадам. Егер бағдарлауышта күту режимінің функциясы бапталса, оны сөндіріңіз.

Егер қосылыс бұрынғыша қалпына келмесе, келесі іс-әрекеттерді орындаңыз:
1-қадам. Шлюздың МАС-мекенжайын көрсетіп, оған тиянақталған ІР-мекенжайды беруге тырысыңыз («Өнімнің MAC-мекенжайын немесе сериялық нөмірін қайдан табуға болады?» тармағын қараңыз). Егер Сізде Android базасындағы смартфон болса, Сіз сондай-ақ өзініңздің смартфоныңызға тиянақталған ІР-мекенжайды бере аласыз. Егер Сізге баптауға көмектесу үшін анықтамалық материалдар қажет болса, браузерде өзіңіздің бағдарлауышыңыздың маркасы мен моделін енгізіңіз (мысалы, Orange Livebox). сонан соң браузерде «МАС-мекенжайына арналған статикалық IP» енгізіңіз.
2-қадам. Сонымен қатар шлюздың серверлермен байланысын қамтамасыз ету үшін ТСР-да шлюз үшін нақты порт ашуға болады (порт № 25050).
3-қадам. Сонан соң бағдарлауышпен пайдаланылатын Wi-Fi жиіліктер диапазонын тексеруге болады. Аталған шлюз 5 ГГц жиілікте жұмыс істемейді. 2,4 ГГц режимінің таңдалғанына көз жеткізіңіз.
4-қадам. Егер Wi-Fi арнасы қолмен бапталса, бәлкім, ол енді оңтайлы қосылуды қолдамайды. Wi-Fi арнасын автоматты таңдау режимінің қосылғанына көз жеткізіңіз.
5-қадам. Ақырында, егер желіде бір немесе бірнеше Wi-Fi трансляторы пайдаланылса , Wi-Fi қолжетімділіктің осы нүктелерінің әрқайсысында бірегей атауы бар екеніне (немесе SSID), сондай-ақ шлюз бен басқарудың штепсельді розеткасының ең күшті сигналы бар нүктеге қосылғанына көз жеткізіңіз.

Did this article help you ?

Басқа сұрақтарыңыз бар ма? Сұранысты жіберу

Can not find the answer to your questions ?

Our Customer Service is here to help you