«Home + Control» қосымшасы "Шлюз сөндірілген" хабарламасын берсе:
- Әуелі жүйенің Баптаулар режимінде тұрмағанына әуелі көз жеткізіңіз. Жүйеге жұмылдырылған сымды құрылғылардағы индикаторлардың жыпылықтамай, жасыл түспен жанбайтынына көз жеткізіңіз. Егер жанса, Баптаулар режимінен шығу үшін, «Үйде / Сапарда» жалпы басқарудың басты түймешігінің ортаңғы бөлігін бір рет басыңыз.
- Бәлкім, шлюз дұрыс қоректендірілмеген. Басты ажыратқыштағы қоректендіруді сөндіріңіз және құрылғының электр сымын тексеріңіз.
Егер шлюз қоректендіру көзіне дұрыс қосылса, онда проблема Сіздің Wi-Fi желіңізде:
- Wi-Fi сигналы жоқ: шлюз бен қосымшаның арасындағы қосылыс Wi-Fi желісі жұмыс істемеген әр кезде үзіледі. Интернет немесе Wi-Fi бағдарлағыгы әрдайым қосылуы тиіс.
- Wi-Fi әлсіз сигналы: шлюзға түсетін Wi-Fi сигналының жеткілікті түрде күшті екеніне көз жеткізіңіз. Бұл үшін шлюз орналасқан жерде смартфонның көмегімен Wi-Fi сигналдарын қабылдау сапасын тексеріңіз. («Шлюзға арналған мобильді қосымшада Wi-Fi әлсіз сигналы. Не істеу керек?»).