Физикалық орнату аяқталған соң Сіз «Сапарда», «Үйде», «Ояну» және «Үйқы» сценарийлерін тестілей аласыз, оларды көмегімен арнайы сымсыз ажыратқыштардың көмегімен немесе қосымшада активтендіруге болады. «...Netatmo-мен» «Үйде / Сапарда» басты сымсыз ажыратқышында, сондай-ақ «Ояну/Үйқы» сымсыз ажыратқышында зауыттық сценарийлер орнатылған. Штепсельді розеткамен жабдықталған, шлюз бар жүйе үшін, «Үйқы» және «Сапарда» сценарийлер жүйеде барлық жарықтандыруды сөндіреді, ал «Ояну» және «Үйде» сценарийлері әдепкі қалпы бойынша қосылған штепсельді розеткаларды активтендіреді. Штепсельді розеткасы жоқ, шлюз бар жүйе үшін:
- «Сапарда» сценарийі жүйедегі барлық жарықтандыру аспаптарын сөндіреді және барлық рольқақпаларын жабады
- «Үйде» сценарийі әдепкі қалпы бойынша рольқақпаларды ашады.
- «Үйқы» сценарийі жүйеде барлық жарықтандыру аспаптарын қосады.
- «Ояну» сценарийі әдепкі қалпы бойынша ешқандай іс-әрекеттерін қарастырмайды.
Сіз "Сценарийлерді баптау" таңдап, «Home + Control» қосымшасының баптауларында оларды баптай аласыз.