Егер Сізде Google Home ақылды колонкасы бар болса, оны Phone пен Android үшін Google Home қосымшасы көмегімен баптауға болады . Google қолдау веб-сайтының келесі парақшасында егжей-тегжейлі ақпаратты алуға болады: https://support.google.com/assistant.
Егер Сізде ақылды колонка болмаса, онда Сізге iOS үшін App Store-ден немесе Android үшін Google Play-ден өзіңіздің смартфоныңызға Google Assistant қосымшасын жүктеу ғана қажет. Біріншіден, Сіздің «...Netatmo-мен» жүйеңіздің интернетке қосылғанына көз жеткізу қажет. Мұны «Home + Control» қосымшасынан қосылған жүйеге қолжетімділік мүмкіндігін тексеріп, жасауға болады. Келесі іс-әрекеттерді орындаңыз:
1. Google Assistant қосымшасын іске қосыңыз және парақшаның оң жақ жоғарғы бұрышындағы аккаунттың иконкасын басыңыз.
2. Баптауларда қызметтер тізімінде Ассистент => «Үйдегі автоматтандыру» таңдаңыз.
3. «Құрылғыны қосу» басыңыз және іздеу жолында "Legrand" енгізіңіз.
4. Электрондық поштаның мекенжайын және Сіздің Legrand,есептік жазбаңыздың құпиясөзін енгізіңіз, «Қосу» таңдаңыз. Синхронизациядан соң экранда "Үй+ Бақылау" қосымшасында бапталған құрылғылар тізімі пайда болады.
5. Енді әрбір қосылған өнімнің бөлмесімен түйіндестіруді орнатуға болады. Әрбір өнімге өзгерістерді енгізу үшін, тұтқасы бар белгіні басыңыз.
6. Тізімнен бөлмені таңдаңыз немесе жаңа бөлмені баптаңыз.
7. Бұл операцияны қайталап, барлық қажетті өнімдердің бөлмемен түйіндестіруін орнатыңыз.
Google Assistant бапатуы аяқталды. Енді Сіз дауыстың көмегімен жарықтандыруды және электрлік аспаптарды басқара аласыз.